Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстанда бірінші наурызда көктемгі әскерге шақыру басталады

Биылғы жылдың 1 наурызы мен 30 маусымы аралығында елімізде көктемгі әскерге шақыру науқаны өтеді. 2022 жылдың көктемінде Қарулы күштердің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдардың қатары әскерге шақыруды кейінге қалдыру немесе одан босатылуға негізі жоқ 18-27 жас аралығындағы он жеті мыңға жуық жасөспіріммен толығады, деп хабарлайды kazlenta.kz.

– Қорғаныс министрлігі жастардың мерзімді әскери қызмет өткеруге деген ынтасын арттыруға бағытталған ұсыныстар әзірледі, – деп атап өтті Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмысы департаментінің бастығы полковник Сәкен Жүсіпов. – Олар сарбаздарға мерзімді қызмет кезінде кредит мерзімін ұзартуға, белгіленген мерзімдегі қызметіне біржолғы ақшалай сыйақы төлеуге, білім беру секторында жеңілдіктер беруге, сондай-ақ олардың отбасы мүшелеріне коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге қатысты болып отыр. Бұл ұсыныстар қазір мүдделі мемлекеттік органдармен келісілу үстінде.

Әскерге шақыру науқанын жергілікті атқарушы органдар ұйымдастырып, қамтамасыз етеді. Комиссияларды қалалар мен аудандар әкімдерінің орынбасарлары басқарады.

Денсаулық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін әскерге шақырылушыларды хабардар ету 1414 сервис қызметтері арқылы SMS хабарламалар жіберіледі. Болашақ сарбаздар жинау пункттерінде әскерге шақыру кезінде және бөлімдерге келген кезде COVID-19-ға қарсы ПТР-зерттеуден екі рет өтеді.

Әскерге шақырылушылар мен олардың ата-аналары қорғаныс істері жөніндегі департаменттердің «Қарулы Күштер – адалдық алаңы» жобалық кеңселерінен қажетті ақпаратты алуына болады. Сондай-ақ өздерін қызықтырған мәселелерді әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарға және жергілікті әскери басқару органдарының электрондық пошта жәшіктеріне жібере алады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады