Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Шымкентте көктемгі әскер қатарына шақыру науқаны жүргізілуде

Шымкентте көктемгі әскер қатарына шақыру науқаны жүргізілуде
Фото: Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Шымкентте ҚР Қарулы күштерінің Отар гарнизоны 30212 әскери бөліміне жас сарбазадарды салтанатты шығарып салу рәсімі өтті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қалада 1 наурыз бен 30 маусым аралығында көктемгі әскер қатарына шақыру науқаны жүргізілуде. Биылғы көктемгі науқанда 1000-нан астам азаматты әскер қатарына жіберу көзделген.

Жиынға қалалық Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы, полковник Әбдіғабит Шегебаев, әскери саланың ардагерлері, сарбаздардың ата-аналары, бауырлары қатысты.

Полковник Ә.Шегебаев әскерге бару әрбір азаматтың қасиетті борышы екенін атап өтіп, жас сарбаздарға сәттілік тіледі.

– Мерзімді скери борышын өтеу – әрбір ер азамат үшін зор абырой. Жылдан жылға Қазақстан Қарулы Күштерінің қуаты артып, әскери дайындық деңгейі жоғарылап келеді. Отан қорғау – перзенттік парыз, мәртебелі міндет. Келесі жылы жас сарбаздарды зор құрметпен қарсы алайық, – деді Әбдіғабит Құрбанұлы.

Сондай-ақ, Еңбекші ауданы әкімінің орынбасары Ерлан Күзенбаев әскерге шақырылушыларға ақ жол тілеп, елдің қауіпсіздігін сақтау аса маңызды міндет екенін атап өтті.

Бүгінгі іс-шарада 30 азамат ҚР Қарулы күштерінің қатарына жіберілді. Ендігі кезекте қаладан Ұлттық ұлан қатарына жас сарбаздарды шығарып салу рәсімдері жүргізіледі.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі