Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматыдағы 30-дан астам базар жаңғыртудан өтті

Алматыдағы 30-дан астам базар жаңғыртудан өтті
Фото: Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Алматыда заманауи сауда инфрақұрылымын дамытуға және қалалық ортаның сапасын арттыруға бағытталған базарларды ауқымды жаңғырту жұмыстары жалғасуда. Бұл туралы қалалық Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының өкілдері айтты, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгінде Алматыда 51 базар жұмыс істейді. Оның 32-сі толықтай жаңғыртылып, құрылыс жұмыстарының барлық кезеңі аяқталған.

Тағы 19 базарда жаңғырту жұмыстары кезең-кезеңімен жалғасуда. Бес нысандағы құрылыс жұмыстарын 2026 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланған.

Биыл «Сарыарқа» және «Алматы-1» базарларындағы жаңғырту жұмыстары толық аяқталды. Жаңартылған сауда алаңдары заманауи талаптарға сай келіп, кәсіпкерлер мен келушілер үшін анағұрлым жайлы, қауіпсіз әрі қолайлы жағдай қалыптастырады.

Басқарма өкілдерінің мәліметінше, жаңғырту жобаларын іске асыру ашық әрі заманауи сауда ортасын қалыптастыруға, көлеңкелі экономиканың үлесін азайтуға, салық түсімдерін арттыруға және қаланың инвестициялық тартымдылығын күшейтуге мүмкіндік береді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы облысында Отан қорғаушылар күні айрықша аталып өтті
Halyk Bank қызметкерлері «Таза Қазақстан» акциясына белсене қатысты
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді