Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматыда жаңа форматтағы базарлар пайда болады

Алматыда жаңа форматтағы базарлар пайда болады
Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматы қаласында контейнерлік сауданың дәуірі аяқталып, осы заманғы, жайлы әрі ашық сауда форматындағы базарларға көшу кезеңі басталды. Бұл туралы Алматы қаласы әкімінің орынбасары Олжас Смағұлов Алматы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында мәлімдеді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Біздің мақсатымыз – базарларды қайта салу ғана емес, қауіпсіз және қолайлы сауда кеңістігін қалыптастыру. Мұнда бизнес дамып, қала тұрғындары өзін жайлы сезінуі тиіс. Бұл сатып алушыларды, кәсіпкерлерді және қаланың өзін қорғауға бағытталған «Сауда қызметін реттеу туралы» ҚР Заңының талабы», – деп атап өтті Олжас Смағұлов.

Бүгінде Алматыда 29 базар толықтай жаңғыртылып, олардың аумағында күрделі құрылыстар салынды, инженерлік инфрақұрылым жаңартылды. Тағы 21 базар жаңғыртылып жатыр, ол жұмыс 2026 жылдың соңына дейін аяқталады. Ескірген «Жібек жолы» базарының орнына жаңа меншік иесі осы заманғы тұрғын үй кешені мен сауда орталығын салғалы отыр.

Жалпы, соңғы жылдары қаладағы базарлардың саны 59-дан 51-ге дейін азайды, бұл төрт нысанның сауда орталықтарына қайта бейінделуімен байланысты.

Әкімдік кәсіпкерлердің алаңдаушылығын түсінеді. Жалға алуа бағасының өсуі табысты арттыру мақсатында емес, қайта жаңғыртудан кейінгі пайдалану мен коммуналдық шығындардың көбеюіне байланысты болып отыр. Себебі жаңартылған базарлар орталықтандырылған жылу, су және кәріз жүйелеріне қосылады, санитарлық талаптар мен абаттандырылған аумақ қамтамасыз етіледі. Реконструкция кезеңінде жалға алушыларға сауда орындары уақытша жеңілдікпен беріледі.

Айта кетейік, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 204-2-бабына сәйкес, базарларды модернизацияламау әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады. 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап талаптарды орындамаған базарлардың қызметі уақытша тоқтатылады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті