Алматы әкімі Ерболат Досаев жұмыс сапары кезінде «Тигрохауд» базарын жаңғырту барысымен танысып, тұрғындармен кездесті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Базарда контейнерлер мен сөрелердің орнына заманауи сауда орталығы салынып, сатушылар мен келушілер үшін қолайлы жағдай жасалады. Желдету, ауаны баптау және жарықтандыру жүйесі орнатылып, демалыс аймақтары жабдықталады. 40 көлікке арналған тұрақ қарастырылған. Әкім іргелес аумақты абаттандыру мен көгалдандырудың маңыздылығын атады. «Тигрохауд» базары 1992 жылы салынған. Құрылыс биыл сәуірде басталды. 2025 жылдың қазан айында аяқталады. Жеке инвестицияның сомасы 2,4 млрд теңгеден асады. Жаңғыртудан кейін жұмыс орнының саны 100-ден 160-қа дейін көбейеді. Сауда қызметін реттеу туралы заңға сәйкес Алматыда 33 базар жаңғыртылды, тағы 9-ы 2025 жылға дейін дейін жаңғыртудан өтеді.19-06-2024, 16:08
Алматы базарларын жаңғырту: сатып алушылар мен сатушыларға қолайлы жағдай
Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз