Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматыда мамыр айының басынан бастап субұрқақтарды кезең-кезеңімен қосылады

Алматыда мамыр айының басынан бастап субұрқақтарды кезең-кезеңімен қосылады
Фото: Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Қалада мамыр айының басынан бастап субұрқақтар кезең-кезеңімен іске қосылып, 1 қазанға дейін күн сайын сағат 08:00-ден 23:00-ге дейін жұмыс істейді. Ауа райына байланысты олардың жұмысы реттеледі: температура +5°C-тан төмендеген жағдайда субұрқақтар уақытша тоқтатылады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қалалық Қоғамдық кеңістіктерді дамыту басқармасы өкілдерінің мәліметінше, биыл 55 коммуналдық субұрқақ кешенін іске қосу жоспарланып отыр, оның ішінде 11 «құрғақ» субұрқақ бар. Барлық нысанның техникалық және санитарлық жағдайы тиісті қызметтердің тұрақты бақылауында болады.Маусымға дайындық жұмыстары алдын ала жүргізілді. Мамандар субұрқақтардың тостағанын және айналасындағы аумақтарды тазалап, суды залалсыздандырды, жабдықтарды жөндеп, сырлап, инженерлік жүйелерге толық тексеріс жасады. Бұл олардың маусым бойы сенімді әрі қауіпсіз жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.Сонымен қатар қаладағы негізгі субұрқақтарды жаңғырту жобалары да қатар жүзеге асырылуда.

Республика алаңы мен Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры маңындағы субұрқақтар қайта жаңартылып жатыр. Қазіргі таңда бұл жұмыс аяқталып келеді. Жобаларды толық аяқтау және іргелес аумақтарды көркейту 2026 жылы үшінші тоқсанға жоспарланған.Жаңартылған субұрқақтар тұрғындар үшін жайлы әрі қауіпсіз демалыс орындарына айналып, заманауи қоғамдық кеңістіктердің ажырамас бөлігі болмақ. Бұл қалалық ортаны жақсарту мен қоғамдық кеңістіктер сапасын арттыруға бағытталған жүйелі жұмыстың жалғасы.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
5 комментариев
References: The casino https://forums.ppsspp.org/
References: Blackjack strategy namumeistras.lt
  • Matilda
  • 01-06-2026, 04:53
  • : 04:53
References: Best slots online joycecuna873078.mpeblog.com
References: Gold strike casino tunica telegra.ph
  • Ina
  • 01-06-2026, 08:08
  • : 08:08
References: Casinos online https://harmonyymof209764.bloggadores.com/40346175/casino-of-gold-dein-ultimati
ver-guide
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді