Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматы экономикасына 476 млрд теңгеден астам инвестиция тартылды

Алматы экономикасына 476 млрд теңгеден астам инвестиция тартылды
Фото: Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі

2025 жылдың қорытындысы бойынша Алматыда жалпы инвестиция көлемі 476,9 млрд теңге болатын 28 инвестициялық жоба жүзеге асырылды. Бұл туралы қалалық Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы өкілдері мәлімдеді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жаңа жобалар өңдеу өнеркәсібі, туризм, денсаулық сақтау, көлік және логистика секілді негізгі салаларды қамтыды. Соның нәтижесінде қалада 6,7 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылды.

Жалпы инвестицияның басым бөлігі 440,5 млрд теңгеге тең алты ірі жобаға тиесілі. Бұл бастамалар өндірістік қуатты арттырып, өнеркәсіп әлеуетін күшейтуге және жергілікті өндірісті дамытуға мүмкіндік берді.

2026 жылы инвестициялық саясат жоғары технологиялық өндірістерді дамытуға, импортты алмастыруға және индустриялық инфрақұрылымды кеңейтуге бағытталмақ.

Негізгі жобалардың арасында «Алатау» ИТП» АЭА аумағында Viva Pharm компаниясы салып жатқан толық циклді фармацевтикалық зауыт бар. Кәсіпорын жылына 200 млн таблеткаға дейін өндіре алады.

Сондай-ақ, Алматы индустриялық аймағында Sapa Industry Group автоклавты жеңіл бетон шығаратын зауыт құрылысын жүргізіп жатыр. Мұнда жыл сайын 50 мың текше метр қабырға панельдері мен 150 мың текше метр газоблок өндіріледі.

CA-International компаниясы жылына 4 мың тоннадан астам өнім шығаратын табақты поливинилхлорид өндірісін іске қоспақ.

Бұған қоса, NARPRINT компаниясы тұрмыстық және шаруашылыққа арналған қағаз өнімдері мен жапсырма өнімдерін шығаруды қолға алады. Жоспарланған өндіріс көлемі жылына шамамен 830 тонна.

Басқарма өкілдерінің айтуынша, жаңа өндірістердің іске қосылуы қосымша жұмыс орындарын ашып, қаланың өнеркәсіптік әлеуетін кеңейтіп, Алматының инвестициялық тартымдылығын арттыра түседі.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы облысында Отан қорғаушылар күні айрықша аталып өтті
Halyk Bank қызметкерлері «Таза Қазақстан» акциясына белсене қатысты
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді