Алматыға жарты жылда 715 млрд теңге инвестиция тартылды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Биыл 6 айда Алматыда негізгі капиталға 715 млрд теңге инвестиция тартылды. Өсім 15,8%. Жеке инвестиция 21,1% өсіп, 656,4 млрд теңгеге жетті. Инвестицияның ең үлкен өсімі:ІТ-сектор (өсім 3,8 есе), туризм (2,5 есе), өңдеу өнеркәсібі (2 есе), денсаулық сақтау (2 есе),көлік (+47,1%). 2024 жылы негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 10% өсіп, нақты өсім 2 трлн теңгеден астам сомаға бағаланды.5-08-2024, 15:44
Алматыға жарты жылда 715 млрд теңге инвестиция тартылды
Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз