Шымкент – инвестицияға тартымды қала. 2023 жылдың қаңтар-қазан айларының қорытындысы бойынша қалаға 514,3 млрд теңге инвестиция тартылып, 2022 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда бұл көрсеткіш 122%-ды құрады.
2023 жылы жалпы 721,7 млрд теңге инвестиция тарту жоспарланған. Яғни, бұл көрсеткіш 2022 жылмен салыстырғанда 32 %-ға артуы күтілуде.
Қалада 2023-2027 жылдар аралығында жүзеге асырылатын құны 1,7 трлн теңге 229 инвестициялық жобаның пулы жасақталды. Онда жаңа 32 мыңнан аса жұмыс орны ашылатын болады. Атап айтқанда, 2023 жылы құны 104 млрд теңге 41 инвестициялық жобаны іске асырып, 2836 жаңа жұмыс орнын ашу көзделген болатын. Қазіргі таңда аталған жобалардың ішінде жалпы құны 81,2 млрд теңге 31 жоба жүзеге асырылды.
Сондай-ақ, шаһарда 2023-2027 жылдар аралығында өңдеу өнеркәсібі салаларында құны 405,8 млрд теңге, 9 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын құрумен 101 инвестициялық жоба пулы қалыптастырылды. Биыл құны 11,5 млрд теңгені құрайтын 8 жоба іске асырылды.
Шымкент қаласының экономикасына алдағы 5 жылда 6 триллион теңге инвестиция тарту көзделіп отыр. Бұл бағытта нақты жоспар да жасалған. Қала экономикасының инвестициялық тартымдылығы жылдан жылға артып келеді. Айта кетсек, соңғы 4 жылда шаһарға 1,5 трлн теңге инвестиция тартылған.
15-12-2023, 19:34
Шаһардың инвестициялық тартымдылығы жылдан-жылға артып келеді
Фото: pixabay.com
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз