Алматыда жаңа шағынөнеркәсіптік парктер іске қосылады 2026 жылы Алматының Индустриялық аймағында жалпы аумағы 22,2 мың шаршы метр болатын бес шағын өнеркәсіптік парк пайдалануға беріледі, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жобалардың жалпы инвестиция көлемі 2,33 млрд теңге. Бұл нысандарды іске асыру 20-дан астам шағын және орта бизнес субъектісі орналастырылып, 400-ден астам жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. Шағын өнеркәсіптік парктер жобалары қаланың өндірістік инфрақұрылымын дамытуға, кәсіпкерлікті қолдауға және Алматының инвестициялық тартымдылығын арттыруға бағытталған.Бүгін, 11:33
Алматыда жаңа шағын өнеркәсіптік парктер іске қосылады
Фото: Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз