Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада Ботай мәдениеті туралы ерекше қойылым сахналанды

Астанада Ботай мәдениеті туралы ерекше қойылым сахналанды
Фото: Астана қ. әкімдігі

Astana ballet театрында «Ботай» этно-пластикалық спектаклінің премьерасы өтті. Аталған қойылымды есту қабілеті нашар өнерпаздардан құралған «SENSITIVE» ерекше театры сахналады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Театрдың 20 жылдығына орай ұйымдастырылған және Анна Цойдың режиссерлығымен сахналанған спектакль ежелгі Ботай мәдениетіне арналады.

Қойылымның басты ерекшелігі – дыбыстың мүлде қолданылмауы. Сахнада негізінен эмоцияға, жарыққа және хореографияға басымдық берілген. Шығармада Солтүстік Қазақстан облысында орналасқан, жылқы алғаш қолға үйретілген мекендердің бірі саналатын ежелгі Ботай қонысының өмірі көркемдік тұрғыда қайта зерделенеді.

Спектакльді тамашалаған Мәулен Әшімбаев театр ұжымының шеберлігіне жоғары баға берді. Ол өнердің қоғамдағы кедергілерді жойып, мүгедектігі бар азаматтардың өмірден өз орнын табуға ықпал ететінін атап өтті. Сондай-ақ Сенат Төрағасы мүмкіндігі шектеулі жандарды жан-жақты қолдау мемлекеттің басым міндеттерінің бірі екенін тілге тиек етті.

Бүгінде бұл бағытқа жоғары деңгейде айрықша мән беріліп, кешенді әрі жүйелі жұмыстар жүргізіліп келе жатқаны да назарға алынды.

«Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев қоғамның даму деңгейі ерекше қажеттілігі бар жандарға деген көзқараспен өлшенетінін үнемі айтып келеді. Сол себепті елімізде кедергісіз орта қалыптастыруға және инклюзия құндылықтарын ілгерілетуге баса мән беріліп отыр. Мемлекет басшысының тапсырмасымен Қазақстанда физикалық және әлеуметтік кедергілерді жоюға арналған жүйелі жұмыс жүзеге асырылуда. Басты мақсат – ерекше қажеттілігі бар әрбір азаматқа еңбекте, кәсіби салада, шығармашылықта және қоғамдық өмірде өз әлеуетін толық іске асыруына қажетті жағдай жасау», – деді Мәулен Әшімбаев.

Іс-шара барысында Палата Спикері «SENSITIVE» би ұжымын және оның көркемдік жетекшісі Ольга Ростовщикованы театрдың 20 жылдық мерейтойымен құттықтады. Мәулен Әшімбаев бұл жоба Қазақстанда инклюзивті өнерді дамытуға үлкен үлес қосқанына тоқталып, өнерпаздардың қажырлы еңбегіне ризашылығын білдірді.

Сондай-ақ ансамбль өскелең ұрпақ үшін жігер мен мотивацияның жарқын үлгісіне айналғаны әңгімеге арқау болды. Ольга Ростовщикованың кәсіби біліктілігі мен педагогикалық шеберлігінің арқасында ұжым жоғары шығармашылық жетістіктерге жетіп, дарынды жастардың ортаға бейімделуіне серпін беріп келеді. Сенат Төрағасы «SENSITIVE» театры тағдыр сынағына тап болған азаматтарды жігерлендіріп, олардың қиындықтарды еңсеруіне және әр адамға өз қабілетін толық жүзеге асыруына мүмкіндік беретін инклюзивті қоғам қалыптастыруға ықпал ететінін айтты.

«Сахнадағы жиырма жыл – батыл идеядан әлемдік деңгейде мойындалған белеске дейінгі үлкен жол. «SENSITIVE» ұжымының жетістігі көптеген қазақстандық үшін өз өзіне деген сенім мен тәлімгердің қолдауы арманды ақиқатқа айналдыратынына дәлел болды. Ольга Ростовщикованың жұмысы тек би өнерімен шектелмейді. Бұл бастаманың мақсаты – ерекше балалар өздерін қажет әрі мықты сезінетін орта қалыптастыру. Мұндай қадам қоғам үшін аса маңызды. Олар адамгершіліктің жаңа өлшемін айқындап, еліміздің әр өңіріндегі жастарды дамуға, ортаға бейімделуге, өз күшіне сенуге және арманына батыл қадам жасауға ынталандырады», – деп, Мәулен Әшімбаев театр ұжымына өнерге деген адалдықтары үшін алғыс білдірді.

Айта кетейік, Петропавл қаласындағы есту қабілеті нашар балаларға арналған мектеп-интернаттың базасында құрылған «SENSITIVE» театры бүгінде әлемдік деңгейде танылған шығармашылық ұжымға айналды. Биыл театрдың құрылғанына 20 жыл толып отыр. Осы уақыт ішінде оның әртістері көптеген халықаралық байқаулар мен фестивальдердің лауреаты атанды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы облысында Отан қорғаушылар күні айрықша аталып өтті
Halyk Bank қызметкерлері «Таза Қазақстан» акциясына белсене қатысты
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді