Астанадағы «Қанаттылар» инклюзивті театры көрерменге өзгеше қойылым ұсынды. Жас драматург Қазыбек Аманжолдың «191-бап» атты комедиясы күлдіріп тұрып ойландырған, жүрекке жеңіл әзілмен жетіп, санада ауыр сұрақ қалдырған ерекше премьера болды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Қойылым сюжеті әдеттен тыс: бір үйге бір күнде екі ұры түсіп, күтпеген жағдайға тап болады. Күлкілі диалогтар, шынайы тартыстар, астарлы сөздер көрерменді бірде езу тартқызып, бірде жан-дүниесіне үңілдіреді. Бірақ бұл жай ғана комедия емес. Бұл – қоғамның кейбір көз жұма қарап келген көлеңкесін әжуалап, көрерменнің өз бейнесін көруіне себепкер болатын сахналық ой. Режиссер Марина Тәңірберген үшін бұл – екінші ірі спектакль. Сахнада біршама жыл актриса қызметін атқарған өнер иесі қазіргі таңда режиссура әлеміне батыл қадам басып келеді. Оның айтуынша, инклюзивті театрда драма қою жеңіл – өйткені актерлердің өмірі мен шынайылығы кез келген көрерменнің жүрегін елжіретеді. Ал күлдіру – шын өнер.«Әр оқиға нақты, әрекеттері айқын. Автор – жас драматург, замандасымыз Қазыбек Аманжол. Біз пьесасына өзгерістер енгізуді ұйғарған кезде, Қазыбек маған былай деді:
Бұл қойылымды ерекшелейтін тұсы – актерлік құрам. Актерлердің арасында арбада қозғалатын, есту, көру қабілеті шектеулі, басқа да денсаулық ерекшелігі бар жандар бар. Бірақ олардың өнерге деген құштарлығы мен сахнаға деген құрметі – бәрінен биік.
Режиссердің айтуынша, көрермен сахнадан өзін, досын, көршісін тануы тиіс. Спектакль әркім өз шынайылығын көретін айна іспетті.