Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматылық театр Мәскеуде өткен XVII Чехов фестивалінде зор жетістікпен өнер көрсетті

Алматылық театр Мәскеуде өткен XVII Чехов фестивалінде зор жетістікпен өнер көрсетті
Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматыдағы «Алатау» театры Мәскеуде өткен XVII Чехов халықаралық театр фестивалінде сәтті өнер көрсетіп, көрермендер мен театр сыншыларын таңдай қақтырды. «Мәмлүк. Сұлтан Бейбарыс» спектаклі фестивальдің үздік қойылымдарының бірі деп танылды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Саундрама жанрында сахналанған қойылым театрды, опера мен балетті бір сахнада тоғыстырды. Спектакльде 85 артист өнер көрсетті. Басты рөлдерді «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Әсет Есжан мен Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ондасын Бесікбасов сомдады.Қойылымның режиссері Фархад Молдағали, ал сахналық көркемдеуін Нұрлан Төлешов жасады. Қойылым барысында театрдың этно-фольклорлық ансамблі жанды музыка орындап, ерекше дыбыстық партитура жасады.Айта кету керек, «Алатау» дәстүрлі өнер театры Қазақстаннан шақырту алған жалғыз ұжым. Қойылым екі күн бойы аншлагпен өтті.
Фестивальден кейін театр әлемдегі ең айтулы театр фестивалі саналатын Off Avignon 2025 фестиваліне қатысу үшін Францияға жол тартады.
скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады