12-15 мамыр аралығында Алматының төрт ауданында жылу желілеріне гидравликалық сынақ жүргізіледі. Бұл туралы «Алматы жылу желілері» ЖШС өкілдері мәлімдеді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Магистральдық және тарату құбырларын тексеру барысында күн сайын таңғы сағат 04:00-ден 07:00-ге дейін қала тұрғындары мен қонақтарына қауіпсіздік шараларын сақтауға кеңес беріледі.
Қабылданып жатқан қауіпсіздік шараларына қарамастан, төтенше жағдайдың туындауы мүмкін: судың жер бетіне шығуы немесе жол төсемінің ішінара бұзылуы ықтимал.
Мұндай жағдайда өз бетіңізше әрекет жасамаңыз, оқиға орнынан алыстап, төмендегі байланыс нөмірлері арқылы «Алматы жылу жүйесі» ЖШС-не хабарласыңыз:
378-06-48, 378-06-62 (тікелей нөмір), call-орталық: 341-07-00 немесе 341-07-77 (1011 немесе 1014 қосымша нөмірлері), сондай-ақ 109 нөмірі арқылы.
Аталған аумақтарда тұратын тұрғындарға ыстық су беру толық көлемде сақталады.Гидравликалық сынақтар жылу желілерінің және ондағы жабдықтардың жай-күйін тексеру, сондай-ақ құбырлардың ақаулы учаскелерін анықтау мақсатында өткізіледі. Бұл жұмыстар алдағы жылыту маусымына дайындық аясында жүзеге асырылуда. Уақытша қолайсыздыққа түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз!