Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматыда тұрғын үйлердегі жылу шығынының себептері түсіндірілді

Алматыда тұрғын үйлердегі жылу шығынының себептері түсіндірілді
Фото: pixabay.com

«Алматы жылу жүйесі» ЖШС жылыту маусымында алматылықтар жиі кезігетін жағдайдың себебін түсіндірді: батарея ыстық болғанымен, пәтер іші салқын болып қала береді. Мамандардың айтуынша, негізгі себептердің бірі – ғимараттың қоршау құрылымдары арқылы болатын жылу шығыны, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қабырға, шатыр, терезе ойықтары мен панельаралық жіктер жеткілікті деңгейде оқшауланбаған жағдайда, жылу энергиясының 60–70%-ға дейіні сыртқа кетуі мүмкін. Типтік тұрғын үйлерге жүргізілген тепловизиялық зерттеулер де осыны көрсеткен. Мұндай жағдайда жылыту жүйесіндегі жылутасығыш температурасын арттыру әрдайым пәтер ішінің жылынуына әсер ете бермейді.

Мамандар жылу шығынының күшейгенін білдіретін белгі ретінде мыналарды атайды: сыртқы қабырғалар мен бұрыштардың салқындауы; терезелер мен еңістерде конденсаттың түзілуі; ылғалдану немесе көгерудің пайда болуы; ұқсас, бірақ жылуы жақсы үйлермен салыстырғанда жылытуға кететін шығынның жоғары болуы.

Компания өкілдерінің айтуынша, жылу ғимараттан бірнеше жолмен шығуы мүмкін: жылуөткізгіштік арқылы (қабырға, терезе, шатыр, еден), конвекция арқылы (суық беттердің маңында ауаның айналымы мен салқындауы), сондай-ақ жылулық сәулелену арқылы.

«Алматы жылу жүйесі» ЖШС жылу шығынын азайтуға бағытталған шараларды жылыту маусымынан тыс кезеңде жүргізген дұрыс екенін атап өтті. Мұндай шараларға қасбет пен шатыр асты жабындарын жылылау, панельаралық жіктерді герметизациялау, терезелерді энергия үнемдейтін түріне ауыстыру, сондай-ақ кіреберіс топтарын тығыздау жатады.

Кешенді тәсіл жылу шығынын қысқартып, ғимараттардың энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Мамандар тұрғындарға үйдің техникалық жағдайын бағалау және қажетті жаңғырту шараларын жоспарлау үшін басқарушы компанияларға, ПИК немесе МИБ ұйымдарына жүгінуді ұсынады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады