Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Ақтауда екі жылда 20 шақырымнан астам магистральдық жылу желілері жаңғыртылды

Ақтауда екі жылда 20 шақырымнан астам магистральдық жылу желілері жаңғыртылды
Фото: ҚР Энергетика министрлігі

Алдағы жылыту кезеңіне дайындықты бақылау аясында Энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов Ақтау қаласы мен "МАЭК" ЖШС жылу желілерін жөндеу нысандарын аралады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР Энергетика министрлігіне сілтеме жасап.

Негізгі назар магистральдық жылу желісін ауыстыру жобасына аударылды. "Магистральдық жылу желілерін реконструкциялау" жобасы аясында 2024 жылдан бастап "МАЭК"ЖШС магистральдық жылу желілерін жаңғырту жүргізілуде. Мәселен, өткен жылы 11,5 км магистральдық жылу желілері жаңғыртылды.

Биылғы жылы 9,9 км магистральдық жылу желілері жаңғыртылды. Бүгінгі таңда мердігерлік ұйымдар іргелес аумақты абаттандыру бойынша соңғы іс-шараларды жүргізуде.

Жобаны іске асыру жылумен жабдықтау сенімділігін едәуір арттыруға және жылу шығынын азайтуға мүмкіндік береді, бұл қала тұрғындары үшін үздіксіз және сапалы жылумен жабдықтауды қамтамасыз етеді.

ЖЭО-2 "МАЭК" ЖШС-де № 13 қазандық пен № 3 турбинаны жөндеуде а.ж. қазан айының ортасына дейін ЖЭС-те № 2 энергоблок жөнделді. Комитеттің аумақтық департаментіне жылу желілері мен жылу және электрмен жабдықтау объектілерінің негізгі жабдықтарына жөндеу жұмыстарын жүргізу барысына мониторингті тұрақты негізде жалғастыру тапсырылды, - делінген хабарда.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді