Алматыда жылыту маусымы қарсаңында жылу желілерін гидравликалық сынақтан өткізудің соңғы кезеңі өтеді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.
«Алматы жылу жүйесі» кәсіпорнының мәліметінше гидравликалық сынақтар қаланың жылу кешенін жылыту маусымына дайындау аясында жылу желілерін, олардың жабдықтарының жай-күйін тексеру және құбырлардың проблемалық аумақтарын анықтау үшін жүргізіледі.
Алматыда магистральдық және тарату құбырларын сынақтан өткізу төмендегі көшелерде жүргізіледі:
4 қыркүйекте Алатау ауданында:
Мөңке би-Момышұлы-Райымбек-Фариза Оңғарсынова көшелері;
Алмалы және Бостандық аудандарында:
Қарасай батыр-Қожамқұлов-Тимирязев-Розыбақиев көшелері;
Қарасай батыр-Байзақов-Өтепов-Розыбақиев көшесі.
4 және 5 қыркүйекте Алмалы және Жетісу аудандарында:
Абылай хан-Бөгенбай батыр-Мұратбаев-Мақатаев-Сейфуллин-Тобаяқов көшесі.
4 қыркүйектен 13 қыркүйекке дейін Бостандық ауданында:
Мирас шағын ауданы – Асқаров – Садықов – Орбита шағын ауданы - Сайын – Рысқұлбеков – Розыбақиев – Ходжанов – Үлкен Алматы – Өтепов – Жароков – Басенов көшелері;
Қазақфильм шағын ауданы - Лисянский – Розыбақиев – Жароков - Эксперименттік база – Ходжанов-Әл-Фараби-Алмагүл шағын ауданы.
5 қыркүйек Наурызбай ауданында:
Райымбек-Жүнісов-Абай-Алтын Орда.
5 және 6 қыркүйек Әуезов ауданында:
Ұлықбек - Рысқұлбеков-Сайын-Үлкен Алматы өзені;
Алмалы, Жетісу және Медеу аудандарында:
Сейфуллин - Рысқұлов-Жангелдин-Райымбек-Куратов-Гоголь көшесі.
6 қыркүйек Алатау ауданында:
Мөңке би - Момышұлы - Фариза Оңғарсынова-Зерделі ықшам ауданы;
Алмалы және Бостандық аудандарында:
Қабанбай батыр-Жандосов-Варламов-Айманов көшесі.
7 қыркүйек Наурызбай ауданында:
Проектируемая - Айтбаев-Райымбек-Алтын Алаш.
7 және 8 қыркүйек Алмалы, Әуезов және Бостандық аудандарында:
Төле би - Сәтпаев - Әшімов-Ислам Кәрімов көшесі.
7 және 13 қыркүйек Алмалы, Бостандық және Медеу аудандарында:
Гоголь-Курганская-Сәтбаев-Чайковский;
Әйтеке би-Панфилов - Шевченко-Желтоқсан-Тимирязев-Байтұрсынов;
Панфилов-Абай-Желтоқсан – Тимирязев – Гоголь-Есентай өзені.
8 қыркүйек Алмалы және Жетісу аудандарында:
Райымбек-Бродский-Рысқұлов-Сейфуллин даңғылы;
Алатау ауданында:
Аққайнар кенті-Мәмбетов-ҮАК-ның оңтүстік жағы.
11 қыркүйек Алмалы ауданында:
Шокина-Қарасай батыр-Емцов-Райымбек даңғылы;
Алатау ауданында:
Райымбек-Отырар-Рысқұлов-Немирович-Данченко көшесі.
12 қыркүйек Әуезов ауданында:
Төле би-Райымбек-Яссауи-Емцов көшесі
12 және 13 қыркүйек Алмалы, Әуезов және Бостандық аудандарында:
Төле би-Рысқұлова-Яссауи-Ислам Каримов.
13 қыркүйек Алмалы ауданында:
Қарасай батыр – Ислам Каримов – Райымбек-Масаншы;
Әуезов ауданында:
Ұлықбек – Жандосов-Сайын-Яссауи көшесі.
«Аталған аумақтарда тұратын тұтынушыларды ыстық сумен жабдықтау толығымен сақталады. Магистральдық және тарату құбырларын тексеру кезінде (күн сайын таңғы 4-тен 7-ге дейін) қала тұрғындары мен қонақтарына сақ болуды сұраймыз. Оқыс жағдай туындаса, өз бетіңізше ешқандай дербес әрекет жасамаңыз, дереу «Алматы жылу жүйесі» ЖШС-на мына телефондар арқылы хабарласыңыз: 378-06-48, 378-06-62 (тікелей нөмір), call- орталық: 341-07-00 немесе 341-07-77 (қосымша 1011 немесе 1014), сонымен қатар, 109», - деп хабарлады «Алматы жылу жүйесі» ЖШС-да.
2-09-2023, 11:06
Алматыда жылу желілерін сынақтан өткізудің соңғы кезеңі өтеді
Фото: pexels.com
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз