Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Таза Қазақстан: Астанада Нұра-Есіл бойы қоқыстан тазартылды

Таза Қазақстан: Астанада Нұра-Есіл бойы қоқыстан тазартылды
Фото: Астана қ. әкімдігі

Астанада «Жасыл Ел» жобасы жастарының қатысуымен «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық бастамасы аясында Нұра-Есіл каналының жағалауында ауқымды экоакция өтті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Экологиялық акция Жастар саясаты мәселелері басқармасы мен Есіл ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен өтті. Іс-шара аясында 50-ден астам Жасыл Ел жастары Нұра өзенінің бойын қоқыстан тазартып, аумағын тазалап, қоқыс жинады, санитарлық тазалық жұмысын жүргізді.

«Бұл акция арқылы біз көктемгі сенбіліктерге серпін беріп, табиғатты қорғау әр азаматтың ортақ міндеті екенін көрсеткіміз келеді. Мұндай игі бастамалар әсіресе жастардың белсенділігін арттырып, олардың қоғамға деген жанашыр көзқарасын қалыптастыруда маңызды рөл атқарады», – деді «Жасыл Ел» жобасының орынбасары Асылбек Абдурашитов.

Айта кетейік, биыл «Жасыл Ел» еңбек жасақтарының XXIІ еңбек маусымы басталды. Жоба аясында елорда бойынша 5200-ден астам 14 пен 35 жас аралығында жастар жұмыспен қамтамасыз етіледі. Олар қаламыздың құрылыс нысанындарына, қала маңындағы «жасыл белдеуде», әлеуметтік нысандарды, жалпы білім беретін мекемелер аумағында, қала саябақтарына, көгалдандыру жұмысына жұмылдырылады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді