Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада «Таза бейсенбі» экологиялық акциясы өтіп жатыр

Астанада «Таза бейсенбі» экологиялық акциясы өтіп жатыр
Фото: Астана қ.әкімдігі

Астанада «Таза бейсенбі» экологиялық акциясы өтіп жатыр. Астанада «Таза Қазақстан» ауқымды экологиялық акция аясында «AMANAT» партиясы әр апта сайын ұйымдастырылатын «Таза бейсенбі» іс-шарасын жалғастырды деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

27 мамыр күні «AMANAT» партиясы Астана қалалық филиалының ұйымдастыруымен Қарасу өзенінің жағасы қоқыстан тазартылды.Іс-шараға Алматы, Есіл аудандары әкімдігінің, «AMANAT» партиясының өкілдері мен қоғам белсенділерінен тұратын 100-ден аса адам қатысты.Іс-шара тек қоқыс жинаумен шектелмейді. Әр учаскеге мәслихат депутаттары, белсенділер және бастауыш партия ұйымдарының басшылары бекітіледі. Олар сол учаскеде тұрақты түрде тәртіп пен тазалықты қамтамасыз етумен қатар, қоқыс жәшіктерін орнату, аумақтарды көгалдандыру, жолдар мен жаяу жүргіншілер жолын жөндеу сияқты абаттандыру және инфрақұрылымды дамыту мәселелерін шешеді.Сондай-ақ, «AMANAT» партиясы Астана қалалық филиалы жанынан қалалық экологиялық жағдайды бақылауда ұстау үшін 5 мобильді топ құрылды.Әр мобильді топ құрамында экологиялық кеңес мүшесі, мәслихат депутаты, аудандық партиялық филиалдарының төрағалары, аудандық атқарушы хатшылары, партиялық бақылау комиссиясының мүшелері, партияның белсенді мүшелері бар.Осыған дейін мобильді топтар жүргізген мониторинг жұмыстарының қорытындысына сәйкес қала ішіндегі және қала маңындағы 20 заңсыз қоқыс орны анықталған.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты