Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

«Таза Қазақстан»: Астанада Есіл өзенінің жағасында экологиялық іс-шара өтті

«Таза Қазақстан»: Астанада Есіл өзенінің жағасында экологиялық іс-шара өтті
Фото: Астана қ.әкімдігі

Астанада еріктілер Есіл өзенінің жағасын қоқыстан тазартты, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Бұл іс-шара «Таза Қазақстан. Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі» ауқымды экоакциясы аясында өтті.Іс-шараны Тәжірибешіл экологтар қауымдастығы ұйымдастырып отыр. Сондай-ақ тазалық жұмысын жүргізуге «Астана жастары» жастар ресурстық орталығының 20-дан астам белсенді еріктісі қатысты.

«Елорданың осы қоғамдық орындарында серуендеген кезде тазалық жұмысын жүргізу қажеттігін білдік. Содан бүгін еріктілермен бірге айналаны күл-қоқыстан тазарттық. Бірнеше сағат ішінде 20-дан астам қапшық қоқыс жиналды. Өздеріңізге мәлім, мұнда балық аулаушылар көп келеді. Олар өзен маңында қоқыс контейнерлері болмағандықтан, заттарын тастап кетеді. Сондықтан бұл аймаққа қоқыс тастауға арналған контейнерлерді көбірек орналастыру қажет. Бүгінгі іс-шараға қатысқан еріктілерге де алғысымды білдіремін», - деді Тәжірибешіл экологтар қауымдастығының төрайымы Лаура Маликова.

«Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы былтыр көктемде бастау алған. Осылайша ол бүкіл ел аумағында жалғасқан кең ауқымды шараға айналды.Аталмыш акция елорда өмірінің ажырмас бөлігіне айналып отыр. Осындай іс-шаралар арқылы өскелең ұрпақты экологиялық мәдениетке баулуға болады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді