Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада «Қазақстан темір жолы» компаниясы жалпыұлттық «Таза Қазақстан» экологиялық бастамасына қосылды

Астанада «Қазақстан темір жолы» компаниясы жалпыұлттық «Таза Қазақстан» экологиялық бастамасына қосылды
Фото: Астана қ. әкімдігі

Астанада «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында ауқымды тазалық жұмыстары өтті. Іс-шараға «Нұрлы жол» вокзалы мен «Сарайшық» аудандық полиция басқармасының қызметкерлері белсенді қатысты, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Акция барысында ҚТЖ мен полицияның 150-ден астам қызметкері вокзал аумағын тазалап, абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарын жүргізді.

«Нұрлы жол» вокзалының бас инженері Ермахан Байдәулетов бұл бастаманың маңызын атап өтті. Оның айтуынша, вокзал тек жолаушыларға қызмет көрсететін нысан ғана емес, сонымен қатар қала экологиясына әсер ететін маңызды орта.

«Қазақстан темір жолы» ұжымы «Таза Қазақстан» бастамасын толық қолдайды. Бұл акция – қоғамда тазалық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам.  Қызметкерлеріміз теміржол аумақтарын күтіп ұстауға, көгалдандыру жұмыстарына және қоршаған ортаны қорғауға белсенді қатысуда.Біз әрбір азаматты табиғатты аялауға, тазалықты сақтауға шақырамыз. Таза орта – баршамыздың ортақ жауапкершілігіміз, – деді ол.

Жалпы, «Таза Қазақстан» бастамасы ел бойынша экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, табиғатты қорғауға және қоғамның белсенділігін арттыруға бағытталған.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Halyk Bank қызметкерлері «Таза Қазақстан» акциясына белсене қатысты
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады