Астанадағы «Tony Boxing» бокс мектебінің қатысушылары «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясын қолдады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Акцияның басты мақсаты – өсіп келе жатқан жас буынды салауатты өмір салтын ұстанумен қатар, тазалыққа да шақыру. «
Дәл қазіргі сәтте бокс мектебінде 5-15 жас аралығындағы 60-қа тарта бала спортпен шұғылданады. Олардың арасында спорт шеберлігіне үміткер, жасөспірімдер арасында Қазақстан чемпионатының жүлдегері Серік Рыскелді секілді болашағынан зор үміт күттірер шәкірттер де бар.
Жаттықтырушының айтуынша, тазалыққа баулу – бала тәрбиесінің маңызды бөлігі.
«Бала кезімізде біз де сенбіліктерге белсенді қатысып, айналамызды таза ұстау керектігін түсінген едік. Енді бапкер ретінде өз балаларымның бойына тазалықты сіңіруді үйретудің кезегі келген секілді», – деп Антон Попов өз ойын түйіндеді.
Экологиялық мәдениетті қалыптастыруға мүмкіндік беретін «Таза Қазақстан» акциясы 2024 жылдан бері елімізде жалғасып келе жатыр.