Астана қаласындағы Байқоңыр ауданында «Таза Қазақстан» акциясы аясында «Экологиялық тазалық пен рухани тазалық үндестігі» тақырыбында лекция өтті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Іс-шараның басты спикері – «Эко-Хаб» қоғамдық бірлестігінің басшысы Гүлнәр Хан. Спикер қатысушыларға экологиялық мәдениетті қалыптастырудың маңыздылығын, табиғатты қорғаудың рухани құндылықтармен байланысын және жастар арасында экологиялық сананы дамыту жолдарын кеңінен түсіндірді. Лекция барысында экожүйені сақтау, тұрмыстық қалдықтарды азайту, жасыл өмір салтын қалыптастыру және тұрмыста экологияға зиян келтірмейтін әдеттерді енгізу бойынша практикалық ұсыныстар берілді. Қоршаған ортаға деген жауапкершіліктің әр азаматтың саналы таңдауынан басталатыны ерекше атап өтілді. Іс-шараға 100-ден астам студент қатысып, белсенді түрде талқылауға атсалысты.«Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында жыл басынан бері аудандық әкімдіктің ұйымдастыруымен елордалық жастардың қатысуымен түрлі танымдық және экологиялық іс-шаралар белсенді түрде өткізіліп келеді.Бүгін, 18:24
«Таза Қазақстан»: Астанада «Экологиялық тазалық пен рухани тазалық үндестігі» тақырыбында лекция өтті
Фото: Астана қ.әкімдігі
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз