Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

«Таза Қазақстан»: елордалық спортшылар спорт мектебінде экоакция өткізді

«Таза Қазақстан»: елордалық спортшылар спорт мектебінде экоакция өткізді
Фото: Астана қ.әкімдігі

«Таза Қазақстан» ауқымды экологиялық акциясы аясында елордалық жас спортшылар Аспан спорт мектебінің аумағында сенбілік өткізді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

«Таза Қазақстан» экоакциясын спорт мектебінің оқушылары, жаттықтырушылар және мекеменің басқа да қызметкерлері қолдады. Олар айналаны қоқыстан тазартты.

«Акция – біздің жас спортшылармен жүргізілетін тәрбие жұмысының бір бөлігі, өйткені олардың өздері осындай іс-шараларға тікелей қатысып, қаланың тазалығына атсалысады. Жыл сайын біз спортшылардың жұмысын қорытындылап, спорттағы жетістіктері үшін ғана емес, сондай-ақ осындай іс-шараларға белсене қатысқандары үшін де марапаттап отырамыз», - деп атап өтті №7 Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің жетекшісі Серік Халелов.

Орталық қызметкерлері мен спортшылары экологиялық акцияларға тұрақты түрде қатысады. Сенбілік көктемгі маусымның алғашқысы болды.

«Бұл – биылғы «Таза Қазақстан» аясындағы бірінші шарамыз, бірақ біз экологиялық бастамаларға алғаш рет қатысып отырған жоқпыз. Бүгін біз бапкерлермен, қызметкерлермен және спортшылармен бірге аумақты тазарттық. Мұндай іс-шаралардың маңызы зор деп есептеймін, өйткені қала тазалығына әркім өз үлесін қосып, Астананы көркейтуі тиіс», - деді джиу-джитсудан Азия чемпионы Кемаль Рузахунов.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті