Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

С.Сейфуллин мұражайының қызметкерлері «Таза Қазақстан» акциясын қолдап, жалпы тазалық жұмысын жүргізді

С.Сейфуллин мұражайының қызметкерлері «Таза Қазақстан» акциясын қолдап, жалпы тазалық жұмысын жүргізді
Фото: Астана қ.әкімдігі

Ауқымды экологиялық бастама – «Таза Қазақстан» аясында елордадағы Сәкен Сейфуллин мұражайы аумағында «Таза мұражай – таза болашақ» атты акция өтті. Іс-шараны мәдениет басқармасы елорданың мәдени нысандарында тазалықты сақтап, қолайлы орта қалыптастыру мақсатында ұйымдастырды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі» атты кең ауқымды экологиялық акцияның бір бөлігіне айналды.Акция барысында мұражай қызметкерлері ғимарат маңын абаттандырып, аумақты қоқыстан тазартты, жасыл желектерге санитарлық күтім жасады. Сондай-ақ мұражай ғимаратының ішінде және ескерткіштер жанындағы алаңдарда да тазалық жүргізілді.

«Табиғатқа ұқыпты қарау мен тазалықты сақтау – бұл тек экологиялық қажеттілік қана емес, азаматтық мәдениеттің маңызды бөлігі. Әр адам өз айналасындағы тазалыққа жауапкершілікпен қарағанда, ол бүкіл қоғамның саналы әрекетіне айналады», – деп атап өтті ғылыми қызметкер Азамат Серікұлы.

Оның айтуынша, акция түрлі жастағы адамдарды біріктіріп, табиғатты ғана емес, елорданың мәдени келбетін сақтауға қоғамның белсенді қатысуына тамаша үлгі болды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті