Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Елордада полиция қызметкерлері рейдтік шаралар жүргізуде

Елордада полиция қызметкерлері рейдтік шаралар жүргізуде
Фото: polisia.kz

Елордада жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған “Мас жүргізуші — қылмыскер!” жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында полиция қызметкерлері рейдтік шаралар жүргізуде, — деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Іс-шараның негізгі мақсаты — жол-көлік оқиғаларының алдын алу және мас күйінде көлік басқаратын жүргізушілерді анықтау. Демалыс күндері жүргізілген тексерулер барысында қала аумағында мас күйінде көлік басқарған 10 жүргізуші анықталды. Барлық құқық бұзушылар жауаптылыққа тартылды. Мәселен, таңғы сағат 8 шамасында CHANGAN XS PLUS автокөлігі тоқтатылды. Рөлде 23 жастағы ер адам болған. Құжаттарын тексеру және жүргізушімен сөйлесу барысында полицейлер оның алкогольдік масаң күйде екенін аңғарды: одан қатты алкоголь иісі шығып, сөйлеуі анық емес болған.

Медициналық куәландыру алкоголь қолданғанын растады. Аталған дерек бойынша жүргізуші Қазақстан Республикасы әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабы 1-бөлігіне сәйкес әкімшілік жауаптылыққа тартылды. Сот шешімімен ол 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылып, 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Автокөлік коммуналдық тұраққа қойылды. Полиция мас күйінде көлік басқару — жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу және жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп төндіреді. Мұндай әрекеттер ауыр салдарға әкелуі мүмкін екенін ескертеді. Полицейлер елорда жолдарында бақылауды күшейтуді жалғастыруда. Азаматтарды жауапкершілік танытып, мас күйінде рөлге отырмауға шақырамыз.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды
Almaty Marathon-да қайта өңдеуге жіберілетін қалдықтар жиналды
Қала күні мен Дүниежүзілік тазалық күніне орай 50 мыңнан астам алматылық жалпықалалық сенбілікке қатысты