Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Төрт күн ішінде елордалық полицейлер масаң күйде көлік басқарған 37 жүргізушіні ұстады

Төрт күн ішінде елордалық полицейлер масаң күйде көлік басқарған 37 жүргізушіні ұстады
Фото: liter.kz

Төрт күн ішінде елордалық полицейлер масаң күйде көлік басқарған 37 жүргізушіні ұстады, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Жол-көлік оқиғаларының алдын алу, жол қозғалысы ережелерін бұзушылықтарды анықтау және жолын кесу мақсатында елорда аумағында “Мас жүргізуші – қылмыскер!” жергілікті-рейдтік іс-шарасы жүргізілді.

Мереке күндері наркология орталығына медициналық куәландыру жүргізу үшін 45 жүргізуші жеткізілді, оның 37-сі масаң күйде екендігі анықталды.

Рейдтік іс-шара барысында бұрын көлік құралын басқару құқығынан айырылған 1 мас жүргізуші және көлік басқару куәлігі жоқ 1 жүргізуші ұсталды. 34 автокөлік құралы коммуналдық тұраққа қойылды.

Мәселен, түнгі уақытта Mitsubishi Galant автокөлігінің 34 жастағы жүргізушісі Петров көшесінің қиылысында Қажымұқан көшесімен келе жатып, Toyota Highlander автокөлігімен соқтығысуға жол беріп, нәтижесінде көлік құралдарына зақым келтірілді. Медициналық куәландыру нәтижелері бойынша ер адам “орташа” дәрежеде мас болғандығы анықталды.

Мас жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) бойынша әкімшілік іс қозғалды.

Автокөлік айыптұраққа қойылды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді