Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Павлодар облысында мас күйде көлік басқарған жүргізуші анықталды

Павлодар облысында мас күйде көлік басқарған жүргізуші анықталды
Фото: polisia.kz

Павлодар облысында мас күйде көлік басқарған жүргізуші анықталды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 

Жол жүру ережелерін сақтамау, атап айтқанда көлікті мас күйде басқару, қауіпсіздік белдігін тақпау және рөлде отырып ұялы телефон пайдалану ауыр салдарға, тіпті қайғылы оқиғаларға әкелуі мүмкін. Ертіс ауылында полиция қызметкерлері Toyota автокөлігін тоқтатқан. Көлік тізгінінде 38 жастағы ер адам болған. Әңгіме барысында одан алкоголь иісі сезілген.

– Медициналық сараптама нәтижесіне сәйкес, жүргізуші расында мас күйінде болған. Ол рөлге отырар алдында алкоголь ішкенін мойындаған, – деді Ертіс ауданы полиция бөлімінің бастығының орынбасары Нұрғиса Зупашев. 

Сот шешімімен құқық бұзушы 15 тәулікке қамауға алынып, 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырылды. Полиция мас күйде көлік жүргізу – бұл тек өз өміріңізге ғана емес, айналаңыздағы адамдардың өміріне де қауіп төндіретін қылмыс екенін ескертеді.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді