Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада полиция мас жүргізушілерді анықтады

Астанада полиция мас жүргізушілерді анықтады
Фото: Polisia.kz

Астанада полиция мас жүргізушілерді анықтады, — деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Астанада жыл басынан бері алкогольдік масаң күйде көлік басқарған 900-ден астам жүргізуші анықталып, олар заң бұзғаны және жанындағылардың өміріне қауіп төндіргені үшін жауапкершілікке тартылды. Осыған ұқсас құқық бұзушылықтарды болдырмау мақсатында елордада “Мас жүргізуші — қылмыскер” атты жедел алдын алу іс-шарасы өткізіліп жатыр. Оның басты мақсаты — жол-көлік оқиғаларының алдын алып, көлікті масаң күйде басқарған азаматтарды жауапқа тарту. Тек өткен демалыс күндері аталған ЖПІШ аясында Астанада 36 мас жүргізуші ұсталды. Мысалы Кабанбай батыр даңғылы бойында Kia Cerato көлігінің жүргізушісі кіруге тыйым салынған белгісін елемей, патрульдік полиция экипажы тарапынан тоқтатылды.

Тексеру барысында одан алкогольдік ішімдіктің белгілері байқалып, бұл факт кейін медициналық сараптамамен расталды. Сот шешімімен оған 15 тәулікке әкімшілік қамау және көлік құралын басқару құқығынан 7 жылға айыру жазасы тағайындалды. Көлік коммуналдық тұраққа қойылды. Мас жүргізушілердің қатысуымен болатын жол апаттарының алдын алу – полицияның басты міндеттерінің бірі. Рейдтік шаралар тұрақты түрде, әсіресе демалыс күндері жүргізіледі. Патрульдік полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережелерінің сақталуын бақылап, масаң күйдегі белгілерді анықтап, қауіпті жағдайлардың алдыналуда.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті