Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматыда ЖҚАЖ қызметкері тұрғын үйден фитозертхананы анықтады

Алматыда ЖҚАЖ қызметкері тұрғын үйден фитозертхананы анықтады
Фото: Polisia.kz

Алматы қаласы полиция департаментінің жылдам қимылдайтын арнайы жасағының қызметкері қызметтен тыс уақытта қаладағы көпқабатты тұрғын үйлердің бірінен құрамында есірткі заттары бар өсімдіктерді заңсыз өсіру дерегін анықтады, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Түскен ақпаратты тексеру барысында пәтерден қолдан жасалған фитозертхананың жұмыс істеп тұрғанын айғақтайтын белгілер шықты. Оқиға орнында қарсылық көрсетуге әрекеттенген екі ер адам ұсталды. ЖҚАЖ қызметкері оларды жедел түрде тоқтатып, полиция нарядын шақырды. Оқиға орнына Алматы қаласы Наурызбай ауданы полиция басқармасының тергеу-жедел тобы келіп, деректі тіркеді, арнайы жабдықтар мен өсімдіктерді тәркіледі, сондай-ақ сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын бастады. 

- Арнайы бөлімше қызметкерлері үшін қызмет жұмыс уақытымен шектелмейді. Кәсіби даярлық пен жауапкершілік кез келген жағдайда, оның ішінде қызметтен тыс уақытта да дұрыс шешім қабылдап, сауатты әрекет етуге мүмкіндік береді. Бұл оқиға – полицияның заң мен тәртіп күзетінде тәулік бойы тұрғанының айқын дәлелі. Есірткінің заңсыз айналымына қатысты кез келген факті анықталып, уақыты мен мән-жайына қарамастан қатаң түрде жолы кесіледі, – деді Алматы қаласы полиция департаментінің жедел қимылдайтын арнайы жасағының командирі Азамат Исергужин.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті