Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Аялдама мен жедел жәрдем көлігінің терезесін сындырған: Астанада полицейлер кезекті вандалдарды жазалады

Аялдама мен жедел жәрдем көлігінің терезесін сындырған: Астанада полицейлер кезекті вандалдарды жазалады
Фото: Астана қ.әкімдігі

Елордада вандализм мен қоғамдық тәртіпті бұзу деректеріне қарсы жүйелі жұмыс жалғасып жатыр. Қалалық полиция қызметкерлері тәулік бойы тәртіп бұзушыларды анықтап, заңға сәйкес жауапкершілікке тартуда, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Астана әкімдігінің ресми сайты.

Түнгі уақытта полицияға жедел жәрдем жүргізушісі хабарласып, белгісіз ер адамның Бейбітшілік көшесінде қызметтік көліктің алдыңғы терезесін сындырғанын жеткізген.

Тексеру кезінде 44 жастағы азаматтың мас күйінде көшеде кетіп бара жатып, алдынан өткен жедел жәрдем көлігіне барсеткасын лақтырғаны анықталды. Салдарынан көліктің алдыңғы әйнегі зақымданған.

Полиция қызметкерлері оған қатысты «Ұсақ бұзақылық» бабымен әкімшілік хаттама толтырды. Сот шешімімен ер адам 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Тағы бір осындай оқиға түнгі сағат үш шамасында болды.

Мас ер адам аялдама павильонының әйнегін сындырған. Куәгерлер бұл туралы полицияға хабарлады, оқиға орнына келген тәртіп сақшылары күдіктіні дереу ұстады.

Оған ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 147-1-бабының 1-бөлігі – «Өзгенің мүлкін әдейі бүлдіру немесе жою» бойынша хаттама толтырылды. Сот шешімімен ол 10 тәулікке қамалды.

Жыл басынан бері Астанада бөгде мүлікті әдейі бүлдіру немесе жою бойынша 200-ге жуық құқық бұзушылық тіркелген. Сол кезеңде «Ұсақ бұзақылық» бабымен 3 мыңнан астам адам жауапқа тартылған.

Полиция қала тұрғындарын қоғамдық тәртіпті сақтауға және ортақ мүлікке ұқыпты қарауға шақырады. Қоғамдық орындардағы бұзақылық әрекеттер заңмен қатаң жазаланатыны ескертіледі.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті