Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматы әкімі Түрксіб ауданындағы құрылыс нысандарын тексерді

Алматы әкімі Түрксіб ауданындағы құрылыс нысандарын тексерді
Фото: Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Түрксіб ауданын жұмыс сапарымен аралау барысында Алматы әкімі Дархан Сатыбалды бірқатар нысанды көрді. Сапар соңында жұмыстың мерзімін қатаң сақтау мен сапасын қамтамасыз ету тапсырылды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қонаев ӨК шағынауданында 2 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға арналған 11 топтық балабақшаның құрылысы аяқталды. Қазір жабдықтарды орнату және ғимараттарды дайындау жұмыстары қолға алынды. Алматыға кіреберістегі негізгі магистральдардың бірі – Іле трактісін кешенді көріктендіру жобасы пысықталуда. Көгалдандыру, жаңа тротуарлар мен веложолдар салу, заманауи жарықтандыру орнату және «Алматы» стеласын қою жоспарланған.
 Жобаны жүзеге асыру 2027-2028 жылдарға белгіленген. Красногорская көшесінде бұрын Қорғаныс министрлігінің қарамағында болған төрт тұрғын үйдің құрылысын аяқтау жоспарланып отыр. Сонымен қатар екі апатты жағдайдағы корпус бұзылады. Олардың орнына шағынаудан қажеттіліктерін ескере отырып, жаңа әлеуметтік нысан салу көзделген. Тұрғын үйлерді аяқтау шамамен 600 пәтерді пайдалануға беруге және оларды кезекте тұрған азаматтарға үлестіруге мүмкіндік береді.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді