Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматы әкімі №7 қалалық аурухананы жаңғырту және жаңа нысандардың құрылыс барысын тексерді

Алматы әкімі №7 қалалық аурухананы жаңғырту және жаңа нысандардың құрылыс барысын тексерді
Фото: Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды жұмыс сапары барысында Наурызбай ауданындағы бірқатар нысанды жаңғырту және құрылыс жұмыстарымен танысты, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қала әкімі №7 клиникалық ауруханаға барып, онда жүргізіліп жатқан кешенді жаңғырту жұмыстарының барысын тексерді. Қазіргі уақытта 9 ота жасайтын бөлме мен 16 жансақтау бөлімшесі уақытша басқа орынға көшірілген. Жаңғыртылатын 6 блоктың 3-інде инженерлік желілерді жаңарту және ғимараттың тірек құрылымдарын күшейту жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Сонымен қатар медициналық мекеме тоқтаусыз жұмыс істеп тұр, көрсетілетін медициналық қызмет көлемі қысқарған жоқ. Жоба аясында инженерлік желілерді толық жаңарту, ғимараттың қасбеті мен желдету жүйесін жаңғырту, бөлімшелерді функционалдық тұрғыда қайта жоспарлау арқылы пайдалы алаңды ұлғайту, сондай-ақ заманауи медициналық жабдықтармен қосымша жарақтандыру көзделген.

Дархан Сатыбалды аурухананың қаладағы негізгі медициналық мекемелердің бірі екенін атап өтіп, жаңғырту жұмыстарын белгіленген мерзімде аяқтаудың маңыздылығына назар аударды. Сонымен қатар жауапты басқармаларға қалған 5 блокты жаңғырту бойынша жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуді бастау тапсырылды.

Бұдан кейін Алматы әкімі Шұғыла шағынауданында салынып жатқан, бір ауысымда 500 адам қабылдайтын жаңа емхананың құрылысымен танысты. Медициналық нысан өтпелі галереялар арқылы байланысқан төрт үш қабатты блоктан тұрады. Кешен құрамына терапия және педиатрия бөлімшелері, сәулелік және функционалдық диагностика бөлімдері, зертхана, амбулаториялық хирургия орталығы және 26 орындық күндізгі стационар кіреді.

Емхана заманауи медициналық жабдықтармен, соның ішінде компьютерлік томография, магниттік-резонанстық томография, маммография және флюорография кабинеттерімен жабдықталады. Бұл жоғары технологиялық диагностика жүргізуге мүмкіндік береді. Құрылыс жұмыстарын биыл қараша айында аяқтау жоспарланып отыр.

Сонымен қатар жұмыс сапары барысында Дархан Сатыбалды осы шағынауданда салынып жатқан 6 автокөлікке арналған өрт сөндіру депосының құрылысымен де танысты. Қазіргі уақытта негізгі жер және іргетас жұмыстары толық аяқталып, жоғарғы қабаттардың құрылымдарын бетондау және жабын плиталарын орнату жұмыстары жүргізілуде. Нысанды осы жылдың тамыз айында пайдалануға беру жоспарланған. Бұл ауданның өрт қауіпсіздігін күшейтіп, төтенше жағдайға әрекет ету уақытын қысқартуға мүмкіндік береді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі