Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматы әкімі Пушкин көшесінің бойындағы аумақты көріктендіру барысымен танысты

Алматы әкімі Пушкин көшесінің бойындағы аумақты көріктендіру барысымен танысты
Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Райымбек батыр даңғылынан Гоголь көшесіне дейінгі Пушкин көшесінің бойындағы көлік жолы маңындағы аумақты қайта жаңарту жұмыстарымен танысты. Жоба қаланың орталық бөлігін кешенді көріктендіру бағдарламасы аясында жүзеге асып жатыр және жайлы әрі қауіпсіз қалалық орта қалыптастыруға бағытталған, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Қалалық қоғамдық кеңістіктерді дамыту басқармасының мәліметінше, қайта жаңғырту 6,5 гектар аумақты қамтиды және жүргінші мен көлік инфрақұрылымын кешенді жаңартуды көздейді. 1,1 шақырым аумақта көгалдандыру, жарық тіректерін орнату, су бұру жүйелерін салу жұмысы жүргізілуде. Сонымен қатар, іргелес үйлердің қасбеттері жөнделіп, Райымбек батыр ескерткіші қалпына келтіріліп жатыр. Келесі жылы осы аумақта су айдынын қалыптастыру және қосымша көгалдандыру жоспарланған. Ерекше назар жүргіншілерге ыңғайлы тротуарлар, қауіпсіз жүргінші аймақтары және заманауи көркейту элементтерін жасауға бөлінуде.

Дархан Сатыбалды жұмыстың сапалы орындалуының маңызын атап өтіп, жобаның жайлы қалалық ортаның бірыңғай тұжырымдамасына сай болуы қажеттігін айтты. Жобаны жүзеге асыру жүргіншілер үшін қолайлы жағдай жасап, қаланың сыртқы келбетін жақсартуға, сондай-ақ тұрғындар мен қала қонақтары үшін тартымды, үйлесімді кеңістік қалыптастыруға мүмкіндік береді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді