Прокурор Олжас Хайруллаев заңсыз кәсіпкерлікпен айналысты және қылмыстық жолмен табылған ақшаны заңдастырды деп айыпталған блогерлер Ерболат Жанәбілов және Эльмира Төлегеновамен жасалатын мәміле бойынша шешім қабылдады, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Мемлекеттік айыптаушы Олжас Хайруллаев сотталушылардың процессуалдық келісім жасасу туралы өтінішхатын қолдады.
Прокурор Ерболат Жанәбіловке екі жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады. Қылмыстық кодекстің 55-бабын қолдана отырып, оған түпкілікті екі жылға бас бостандығынан айыру жазасын шартты түрде мүлкін тәркілей отырып тағайындау сұралды.
Эльмира Төлегеноваға түпкілікті екі жылға бас бостандығынан айыру жазасын қауіпсіздігі барынша төмен мекемеде өтеу және жазаның орындалуын екі жылға кейінге қалдыру ұсынылды.