Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Павлодарда қаңтарда тәртіпсіздіктерге қатысқандар колонияға жіберілді

Павлодарда қаңтар оқиғасына қатысқан алты адамға сот үкімі шықты. Олардың барлығы кінәлі деп танылды, бірақ сотталғандардың екеуі ғана нақты мерзім алды, деп хабарлайды Павлодар облыстық сотының ресми сайты. 

Сот анықтағандай, 2022 жылдың 5 қаңтарында Павлодар қаласында К. Павлодар облысы әкімдігінің ғимараты алдында қоғамдық қауіпсіздікке қарсы жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырып, сотталушылар Д. және Б.-мен бірге қаланың өзге тұрғындарын тәртіпсіздікке шақырған. Сонымен қатар, жаппай тәртіпсіздікке Б., Е., А., С. қатысқан, Е. полиция қызметкеріне қатысты күш қолданған.Қ.-ның және жаппай тәртіпсіздікке қатысушылардың заңсыз әрекеттерінің нәтижесінде облыс әкімдігінің ғимаратына 2 131 168 теңге, "Т" ЖШС-не - 227 200 теңге, жәбірленуші А.-ға - 456 346 теңге мүліктік залал келтірілген.

"Сотталушылардың кінәсі куәлардың айғақтарымен, құжаттық айғақтармен, бейнежазбалармен және сараптамалардың қорытындыларымен дәлелденді", - делінген сот хабарламасында.

Прокурор жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастырушы К.-ға 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын, қалғанына қатысу дәрежесіне қарай бас бостандығынан айыруды, шартты түрде соттауды және бас бостандығын шектеуді тағайындауды сұраған. Барлық сотталушы кінәсін мойындаған.Қылмыстың қоғамға қауіптілік дәрежесін және сотталушылардың жеке басын ескере отырып, сот:К.-ға 6 жыл бас бостандығынан айыру,Б.-ға 4 жыл бас бостандығынан айыру,Е., А. және С.-ға 3 жыл шартты түрде бас бостандығынан айыру, Д.-ға 1 жыл 6 ай бас бостандығынан шектеу тағайындады.Үкім заңды күшіне енген жоқ.
скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
4 комментария
  • Shayne
  • 01-06-2026, 04:39
  • : 04:39
References: Casino verite https://gardenwiki.site/
  • Lina
  • 01-06-2026, 05:49
  • : 05:49
References: Mississippi casinos https://mattiehblx507363.blogozz.com/
  • Emery
  • 01-06-2026, 06:52
  • : 06:52
References: Slotland no deposit bonus codes platform.joinus4health.eu
  • Lorena
  • 01-06-2026, 08:15
  • : 08:15
References: Jacks or better strategy https://rafaelwael604406.blogofoto.com/73025881/casino-of-gold-dein-ultimativer
-guide
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді