Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада блогер Жанәбіловтердің соты басталды

Астанада блогер Жанәбіловтердің соты басталды
Фото: instagram.com/elt6i

Астанада блогерлер Ерболат Жанәбілов пен Эльмира Төлегенованың ісі бойынша негізгі сот процесі басталды. Сот отырысы ашық режимде елорданың ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі сотында өтіп жатыр, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Блогерлерге заңсыз кәсіпкерлікпен айналысу, сондай-ақ қылмыстық жолмен алынған ақша мен өзге де мүлікті заңдастыру (жылыстату) бойынша айыпталып отыр.

Еске салайық, 13 наурызда Астанада Ерболат Жанәбілов пен Эльмира Төлегенованың ісі бойынша алдын ала сот отырысы өткен болатын.

Блогерлердің адвокаты сот талқылауын жабық режимде өткізуді сұрап өтініш білдірген, алайда прокурорлар бұл ұсынысқа қарсылық танытты. Сот бұл өтінішті қанағаттандырудан бас тартты.

Ерболат Жанәбілов пен Эльмира Төлегенова сот отырысы кезінде журналистердің оларды түсіруіне қарсы екенін айтты.

"Менің үлкен балам мектепке барады, оған біздің жеке өмірімізге қатысты орынсыз сұрақтар қойылады", - деп түсіндірді Эльмира Төлегенова.

Сонымен қатар, сот отырысы барысында Жанәбіловтердің адвокаты істі прокурорға қайтаруды сұрады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті