Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанадағы субұрқақ ісі: Болат Мажағұловқа 10 жыл сұралды

Астанадағы субұрқақ ісі: Болат Мажағұловқа 10 жыл сұралды
Фото: primeminister.kz

Прокурор аса ірі көлемде сеніп тапсырылған мүлікті талан-таражға салды деп айыпталған Астана Мәдениет басқармасының бұрынғы басшысы Болат Мажағұловты 10 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Астанада 2016 жылы Есіл өзеніне орнатылған "Күн" субұрқағына қатысты атышулы іс бойынша сот процесі жалғасып жатыр.

Елордадағы қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотта субұрқақ құрылысы кезінде жасалған ұрлыққа қатысты тараптардың пікірталасы басталды.

Мемлекеттік айыптаушы Азамат Тоқтарбай мәдениет басқармасының бұрынғы басшысы Болат Мажағұлов пен инженер Мәди Қанапинге жаза тағайындауды сұрады.

"Болат Мажағұловты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағы ("Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті аса ірі көлемде иемдену немесе талан-таражға салу") бойынша қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танып, оны мемлекеттік қызметте лауазымды қызметтерді атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұраймын", – деп мәлімдеді прокурор.

Инженер Мәди Қанапинді Қылмыстық кодекстің 28-бабы 5-бөлігі ("Көмектесу") және 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағы бойынша кінәлі деп танып, оны мемлекеттік қызметте лауазымды қызметтерді атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 7 жылға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындауды сұрады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді