Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматы агломерациясының дамуы: экология, көлік және әлеуметтік инфрақұрылымға басымдық

Алматы агломерациясының дамуы: экология, көлік және әлеуметтік инфрақұрылымға басымдық
Фото: Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды мен Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Алматы агломерациясының Жергілікті кеңесінің отырысын өткізді. Жиын барысында қала маңындағы аумақтарда әлеуметтік нысандар салу, экологиялық жағдайды жақсарту және көлік байланысын жетілдіру мәселелері қарастырылды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тараптар экологиялық ахуалды жақсарту негізгі басым міндеттердің бірі екеніне тоқталды. Қазіргі таңда агломерация құрамындағы 188 елді мекеннің 74 пайызына газ тартылған, бұл 1,1 миллионнан астам тұрғынды қамтиды. Биыл бұл көрсеткішті 89,4 пайызға дейін жеткізу жоспарланып отыр.

Көлік инфрақұрылымын дамыту аясында ауысып міну тораптарын салуға арналған жер телімдерін анықтау мәселелері талқыланды. Сонымен қатар, ұзындығы 6,4 шақырым болатын әуежайдан ҮАААЖ-ға дейінгі автожол құрылысының жобалық-сметалық құжаттары әзірленіп жатыр. Жобаны жүзеге асыру үшін 52 жер телімін сатып алу көзделген, оның 23-і облыс аумағында орналасқан.

ҮАААЖ-ға қосылатын алты радиалды жол салу жобаларына ерекше мән берілді. Бұл шаралар көлік қолжетімділігін едәуір арттырып, жол желісіне түсетін жүктемені азайтады.

Халықтың өсуі және балалар санының артуына байланысты агломерациядағы бірқатар елді мекенде 2026-2028 жылдары жаңа білім беру мекемелерін салу жоспарланып отыр. Атап айтқанда, Алматы облысы әкімдігі Іле, Қарасай және Талғар аудандарында 21 мектеп салмақ. Бұл үш ауысымды оқыту жүйесін жоюға және оқушы орындарының тапшылығын азайтуға мүмкіндік береді.

Жиынды қорытындылай келе Алматы қаласының әкімі қабылданған шешімдер агломерацияның тұрақты дамуына бағытталғанын жеткізді.

«Инфрақұрылымға түсетін жүктеменің артып келе жатқанын көріп отырмыз. Сондықтан қала деңгейінде де, тұтас агломерация деңгейінде де жүйелі жоспарлау жүргізу аса маңызды. Бұл аумақтарды кешенді дамытуға және халықтың тұрмыс сапасын арттыруға бағытталған», – деді Дархан Сатыбалды.

Өз кезегінде Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев бүгінгі отырыста қаралған мәселелер агломерацияның даму бағыттарын айқындауға мүмкіндік бергенін айтты.
«Газдандыру, көлік инфрақұрылымын дамыту және әлеуметтік нысандарға түсетін жүктемені азайту – кешенді шешімді талап ететін өзара тығыз байланысты міндеттер», – деді ол.
скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Halyk Bank қызметкерлері «Таза Қазақстан» акциясына белсене қатысты
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады