Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Дархан Сатыбалды Алматы халықаралық әуежайын одан әрі дамыту жөнінде кеңес өткізді

Дархан Сатыбалды Алматы халықаралық әуежайын одан әрі дамыту жөнінде кеңес өткізді
Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды TAV Airports компаниясының басқарма төрағасы Серкан Каптанмен жұмыс кездесуін өткізді. Кездесу барысында Алматы халықаралық әуежайын жаңғыртуға қатысты негізгі түйткілдер талқыланды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгінде Алматы халықаралық әуежайы жылына 11 миллионнан астам жолаушыға қызмет көрсетіп, Қазақстандағы әуе тасымалының 70 пайызынан астамын қамтамасыз етіп отыр. Тараптар ішкі терминалды қайта жаңарту, ұшу-қону жолағын жаңғырту, инженерлік және жерүсті инфрақұрылымды жаңарту жоспарын қарастырды.

Дархан Сатыбалды әуежайдағы авиациялық қызметтердің сапасын арттыру, көлік қолжетімділігін қамтамасыз ету және халықаралық стандартты енгізу мақсатында инвесторлармен тығыз жұмыс жүргізудің маңыздылығына тоқталды.

Өз кезегінде Серкан Каптан инвестициялық бастамаларға қолдау көрсеткені үшін алғыс білдіріп, әуежайдың 2050 жылға дейінгі даму бас жоспарын іске асыруға дайын екенін растады.

Кездесу қорытындысы бойынша Алматы әкімі инвестор ұсынған ішкі терминалдың дизайн-жобасын жан-жақты қарастыруды, оны қайта жаңғырту жұмыстарына қолдау көрсетуді, әуежайға баратын жолдардың сапасын арттыруды және болашақ метрополитен желісін әуежай көлік жүйесіне біріктіру жайын пысықтауды тапсырды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті