Алматы әкімі Дархан Сатыбалды экология мәселелері жөніндегі ведомствоаралық кеңестің отырысын өткізіп, ауа сапасын арттыру бағытындағы негізгі шараларды қарастырды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қаладағы зиянды шығарындылар құрылымында автокөліктердің үлесі шамамен 60%, жылу көздері 24%, ал бизнес пен жеке сектор 10%. Осыған байланысты құрылыс алаңдарынан таралатын шаңды азайту, құрылыс қалдықтарына арналған арнайы алаңдар ұйымдастыру және саланы цифрландыру мәселелері талқыланды. Сонымен қатар көмір тұтынуды шектеу және оны сату орындарын қала шегінен тыс аумаққа көшіру жайына ерекше назар аударылды. Бұдан бөлек, ескі автокөліктерді сатып алу тетігін енгізу және төмен эмиссиялы аймақтарды (LEZ) пилоттық режимде іске қосу пысықталуда. Айта кетейік, Алматыда атмосфералық ауаны қорғау қағидалары 2025 жылы 30 желтоқсанда қабылданған.Кеше, 13:13
Алматыда ауа сапасын жақсарту шаралары күшейтіледі
Фото: Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз