Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматыда кәсіпкерлікті қолдау және дамыту шаралары талқыланды

Алматыда кәсіпкерлікті қолдау және дамыту шаралары талқыланды
Фото: Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы президиумының төрағасы Қанат Шарлапаевпен кездесті. Кездесу барысында мегаполистегі кәсіпкерлікті дамыту, іскерлік ахуалды жақсарту және бизнеске қолдау көрсету мәселелері талқыланды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Дархан Сатыбалдының айтуынша, шағын және орта бизнес қала экономикасында маңызды рөл атқарады. Бүгінде Алматыда 400 мыңға жуық кәсіпкерлік субъектісі жұмыс істейді, онда бір миллионнан астам адам еңбек етеді. Оның айтуынша, шаһарда кәсіпкерлікпен айналысуға қолайлы жағдай жасау — әкімдік қызметінің басым бағыттарының бірі.

Өз кезегінде «Атамекен» ҰКП президиумының төрағасы Қанат Шарлапаев Алматы еліміздегі кәсіпкерлікті дамытудағы негізгі орталықтардың бірі екенін атап, қаланың, әсіресе туризм саласында одан әрі дамуға айтарлықтай әлеуеті бар екенін жеткізді.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар Алматыда қолайлы іскерлік орта қалыптастыру және кәсіпкерліктің тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін мемлекеттік органдар мен бизнес қауымдастығы арасындағы өзара ынтымақтастықты одан әрі нығайтудың маңыздылығына назар аударды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады