Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Наурызбай ауданына жұмыс сапарымен барып, инфрақұрылымдық жобалардың жүзеге асырылу барысымен және аумақтың жалпы жағдайымен танысты, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сапар барысында Жандосов көшесінің Дәулеткерей көшесінен қала шекарасына дейінгі бөлігіндегі жөндеу жұмыстары қаралды. Жол төсемінің жай-күйі қанағаттанарлықсыз, шұңқырлар анықталған. Осыған байланысты жұмыстардың сапалы орындалуын және белгіленген мерзімдердің сақталуын қамтамасыз ету тапсырылды. Сонымен қатар, аудан әкімі Тастыбұлақ шағынауданындағы бұрынғы «Ақcай» қазандығы мен қараусыз қалған «Айболит» балалар лагеріне барды.
Аталған нысандар ұзақ уақыт бойы пайдаланылмай келеді. Осыған орай оларды коммуналдық меншікке беру мәселесін пысықтау тапсырылды. Сондай-ақ, «Таусамалы» базарына және оны жаңғырту жобасына ерекше назар аударылды. Қажетті құжаттар әзірленген, жұмысты жақында бастау жоспарланған.