Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Дархан Сатыбалды Алматыдағы абаттандыру және инфрақұрылым жобаларының барысын тексерді

Дархан Сатыбалды Алматыдағы абаттандыру және инфрақұрылым жобаларының барысын тексерді
Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды абаттандыру және инженерлік инфрақұрылым нысандарын аралап, атқарылып жатқан жұмыстармен танысты, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 Республика алаңы – 1979 жылы сәулетші Қ. Монтахаев жасаған тарихи келбетті сақтай отырып, субұрқақтарға күрделі жөндеу жүргізілуде. Архитектуралық мұра заманауи сорғы және жарық жүйесімен, сондай-ақ сұйық хлор қолданылмайтын су тазарту жүйесімен толықтырылады. Назарбаев даңғылының батысында, Ганди көшесінің солтүстігінде орналасқан жаңа саябақта көгалдандыру мен тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінген. Тәттімбет – Луганский – Коккинаки – Қастеев – Бөгенбай батыр көшелеріндегі газ құбырының қайта жаңғыртуы – ескі желілер жаңасымен алмастырылуда. Бұл оңтүстік-шығыс бөліктің газбен қамту сенімділігін арттырады,-делінген хабарда.
Дархан Сатыбалды жұмыстардың уақытылы әрі сапалы орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды.Барлық жоба Алматы қаласының қалалық инфрақұрылымды жаңғырту бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады