Алматыда екі шағынаудан орталық су жүйесіне қосылады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Наурызбай ауданын аралап, тұрғындармен кездесті. Жиында ауызсу және кәріз мәселесі талқыланды.Таусамалы шағынауданында жұмыс басталып кетті: қыркүйек айының соңына дейін 5 шақырым су құбыры мен 1,8 шақырым кәріз желісі тартылмақ. Әкімнің айтуынша, бірде-бір үй желіден тыс қалмайды. Тастыбұлақ шағынауданында 80 шақырым су құбыры мен 71 шақырым кәріз желісі салынады. Жоба 2026 жылы толық аяқталады.Сондай-ақ, мынадай әкім тапсырмалар берді: «Арман» бау-бақша серіктестігінің ұңғымалары мен резервуарларын қаланың балансына алу; Рахымбай ханалы көшесінде жүк көліктерінің қозғалысын тоқтату; жерді өз бетінше иелену деректерін тексеру. Құрылыс компанияларына жұмысты жеделдетіп, құрылыс нормаларын қатаң сақтау тапсырылды.