Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

ІІМ: Автомектептердегі олқылықтар әшкереленіп, оқу топтары жабылды

ІІМ: Автомектептердегі олқылықтар әшкереленіп, оқу топтары жабылды
Фото: polisia.kz

ІІМ-нің аумақтық бөлімшелері автомектептердің қызметін тексерді, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 

Қазіргі уақытта 727 автомектеп жүргізушілерді даярлайды. Тексеру барысында автодромдарда жол белгілері, жол таңбалары мен жарықтандырудың жеткіліксіз екені, сондай-ақ кейбір көлік құралдарының ақауы бар екені анықталды. Осы кемшіліктерді жою үшін 20 ұйғарым берілді. Сонымен қатар жүргізушілерді даярлау үшін міндетті техникалық тексеруден өтпеген және сақтандыру полисі жоқ автокөлікті пайдаланған 59 оқу ұйымы анықталды.

Нәтижесінде, қазіргі таңда ІІМ Әкімшілік полиция комитеті автомектептердің 701 оқу тобының қызметін тоқтатты. Автомектептердің есебін жүргізу және оқу топтарын тіркеу "Автомектеп" ақпараттық жүйесімен жүзеге асырылады. "Автомектеп" АЖ көмегімен онлайн режимінде берілген куәліктің заңдылығын, сағаттық оқу бағдарламасын, оқу автокөлігін есепке алуды тексеруге болады. Сонымен қатар оқу ұйымдарының қызметіне бақылауды одан әрі күшейту мақсатында автомектептерді ашудың хабарлама тәртібінен рұқсат беру тәртібіне көшуді, сондай-ақ олардың қызметіне мемлекеттік бақылау тетіктерін енгізуді көздейтін "Жол жүрісі туралы" заңға өзгеріс енгізу жөнінде заң жобасы әзірленді. Қазіргі уақытта заң жобасы Парламент Мәжілісінде қаралуда.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Halyk Bank қызметкерлері «Таза Қазақстан» акциясына белсене қатысты
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады