Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қостанайда жылдамдық режимін 51 рет асырған жүргізушіге 1,5 млн теңге айыппұл салынды

Қостанайда жылдамдық режимін 51 рет асырған жүргізушіге 1,5 млн теңге айыппұл салынды
Фото: polisia.kz

Қостанайда жылдамдық режимін 51 рет асырған жүргізушіге 1,5 млн теңге айыппұл салынды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

29 қыркүйекте Қостанайда патрульдік полиция қызметкерлері “Қорғау” мобильдік қосымшасының көмегімен 1,5 миллион теңгеге жол қауіпсіздік ережелерін бұзған, Ваз 2114 автокөлігінің жүргізушісін анықтады. Барлық 51 заң бұзушылық жылдамдықтың асыруымен байланысты.

Полиция қызметкерлері бұл автокөлікті арнайы айыппұл тұрағына қойды, жүргізушіге қатысты анықталған заң бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым шығарылды. Сондай-ақ жүргізуші сақтандыру полисі мен техникалық тексерудің жоқтығы үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Қостанай қаласы ПБ жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары Алмат Қарымсақов құқық бұзушылықтарды автоматты тіркеу құралдары жол қозғалысы қауіпсіздігіне елеулі үлес қосатындығын атап өтті. Бүгінгі таңда облыс орталығында осындай 53 жүйе орнатылған. Олардың көмегімен, сондай-ақ “Ekin Patrol” жылжымалы аппараттық-бағдарламалық кешенінің көмегімен 55 мыңнан астам жол қозғалысы ережелерін бұзу анықталды.

Патрульдік полицейлердің планшеттеріне орнатылған және Автоураган аппараттық-бағдарламалық кешендерімен біріктірілген “Қорғау” мобильді қосымшасының көмегімен облыс жолдарында 455 қасақана құқық бұзушы анықталды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайберген Сербияда беделді «Ағайынды Карич қоры» сыйлығын алды
Костенко шахтасындағы апат: Әнші Димаш жас баласы бар 20 отбасыға 20 миллион теңге аударды
"Құрмет" орденіне байланысты шудан кейін Әли Оқапов барлық марапатынан бас тартты
Раим мен Ерке Есмахан жуырда сәбилі болатынын хабарлады
Алматыдағы фитнес-клубта блогер Әсел Асқар соққыға жығылды
Мультимедиа
Президент Мәртөк ауданындағы Саржансай cпорт кешеніне барды
Қазақстан Президенті бірқатар келісімге қол қою рәсіміне қатысты
Қазақстанның энергожүйесін жаңғырту: Батыс аймағы желісінің қуаттылығы екі есеге артты
Қазақстан мен Того президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді
Шымкентте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы бақылауда