Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматыда есірткіге мас күйде көлік басқарған жүргізуші анықталды

Алматыда есірткіге мас күйде көлік басқарған жүргізуші анықталды
Фото: Polisia.kz

Алматыда есірткіге мас күйде көлік басқарған жүргізуші анықталды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 

"Қауіпті жүргізуші"  жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында патрульдік полицияның мамандандырылған батальоны қызметкерлері 36 жастағы ер адамның басқаруындағы автокөлікті тоқтатты. Тексеріс барысында жүргізушінің сақтандыру полисі жоқ екені белгілі болды. Сонымен қатар оның мінез-құлқы инспекторлар да күмән тудырды, сондықтан ол медициналық сараптамаға жіберілді. Медициналық қорытындыға сәйкес, ер адамның есірткілік мас күйінде болғаны анықталды. Жүргізушіге қатысты әкімшілік іс-құжаттар толтырылып, сотқа жолданды. Автокөлік арнайы айыптұрағына қойылып, жүргізуші көлік басқару құқығынан шеттетілді. 

– Мас күйде көлік жүргізу – жол қауіпсіздігіне төнетін ең ауыр қатердің бірі. Мұндай әрбір жүргізуші айналасындағылардың өмірі мен денсаулығына нақты қауіп төндіреді. Біздің қызметкерлер күн сайын көлікті мас күйінде басқару деректерін анықтайды және әр жағдайда да қатаң шара қолданады. "Қауіпті жүргізуші" секілді профилактикалық іс-шаралар – қайғылы оқиғалардың алдын алуға бағытталған. Барлық жүргізушілерді жауапкершілік танытуға шақырамыз. Өйткені рөлге мас күйінде отырған адам тек өз өмірін ғана емес, өзгелердің де өмірін қатерге тігеді, – деп атап өтті Алматы қаласы полиция департаментінің әкімшілік полиция басқармасының бастығы Серік Шумаев.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді