Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматыда демалыс күндері ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді

Алматыда демалыс күндері  ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді
Фото: Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі

«Алматы» ӘКК шаһар тұрғындары мен қонақтарын демалыс күндері өтетін жәрмеңкелерге шақырады. Апта сайын ұйымдастырылатын уақытша сауда алаңдары 305 саудагер мен ауыл шаруашылығы өндірушілерінің басын қосады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

1000-нан астам түрлі өнім Алматы облысының Қарасай, Іле, Талғар, Жамбыл, Еңбекшіқазақ және Ұйғыр аудандарының фермерлік және жеке шаруашылықтарынан, сондай-ақ Алматы қаласы мен Шығыс Қазақстан облысынан жеткізіледі. Ұсынылатын тауарлар қатарында жаңа сойылған ет, жұмыртқа, көкөніс пен жеміс, сүт өнімдері, шұжық, бал және өзге де азық-түлік бар. Жыл басынан бері жәрмеңкелерде шамамен 7,5 мың тонна азық-түлік өнімі сатылды. 

Бағаны тұрақтандыру шаралары аясында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары делдалсыз тікелей жеткізілім есебінен нарық бағасынан 15-20% төмен бағамен сатылады. Жәрмеңкелер әр сенбі және жексенбі күндері сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін мына мекенжайларда өтеді: 

− Бостандық ауданы: «Қазақфильм» шағынауданы; 

− Әуезов ауданы: Рысқұлбеков көшесі 33/2; 

− Медеу ауданы: Меңдіқұлов пен Бектұров көшелерінің қиылысы; 

− Алмалы ауданы: Масанчи көшесі, Әйтеке би мен Гоголь көшелерінің арасы. 

Апта сайын жәрмеңкелерге келушілер саны 45 000 адамнан асады. Қазіргі уақытта «Алматы» ӘКК АҚ Бостандық ауданы («Қазақфильм» шағынауданы) мен Әуезов ауданындағы (Өтеген батыр көшесі — Абай даңғылы) екі демалыс күнгі жәрмеңкені кезең-кезеңімен жаңғыртып жатыр. Жоба инфрақұрылымды жетілдіруге әрі сатып алушылар мен кәсіпкерлер үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталған. Жаңғырту аясында жәрмеңкелер қала дизайн-кодына сәйкес бірыңғай сәулеттік стильге келтіріледі. Жабық және ашық сауда павильондары, мүмкіндігі шектеулі жандарға бейімделген санитарлық тораптар, автотұрақтар, аялдамалар, қоғамдық тамақтану орындары және көркейтілген қоғамдық кеңістіктер салу қарастырылған.

Жобалар жеке инвестиция есебінен жүзеге асырылады. Сонымен қатар жәрмеңкелердің әлеуметтік сипаты сақталып, кәсіпкерлер мен жергілікті өндірушілер үшін қолжетімді жағдай қамтамасыз етіледі.Нысандар пайдалануға берілгеннен кейін «Алматы» ӘКК жәрмеңкелерді басқарып, бекітілген бағаның сақталуын бақылайды. Жаңартылған алаңдардың ашылуы жөнінде биыл мамыр айында құрылыс аяқталған соң қосымша хабарланады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады