Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматыдағы демалыс күнгі жәрмеңкелерде 22 мың тоннадан астам ауыл шаруашылығы өнімі сатылды

Алматыдағы демалыс күнгі жәрмеңкелерде 22 мың тоннадан астам ауыл шаруашылығы өнімі сатылды
Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Жыл басынан бері Алматы тұрғындары мен қонақтары демалыс күнгі жәрмеңкелерде 22 800 тоннадан астам ауыл шаруашылығы өнімін сатып алды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оның ішінде: 11,5 мың тоннаға жуық көкөністер мен жемістер, 7,3 мың тоннадан астам ет және ет өнімдері, 2 мың тоннадан астам сүт өнімдері, 1,8 мың тонна бакалея және маринадталған қияр.

Жәрмеңкелерде барлығы 1000-нан астам тауар түрі ұсынылған.

Демалыс күнгі жәрмеңкелері отандық өндірушілерді қолдауға, халықтың қолжетімді бағамен сапалы азық-түлік тауарларын алуына, сондай-ақ қаланың сауда инфрақұрылымын дамытуға бағытталған. Өнім тікелей ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер мен өңдеуші кәсіпорындардан делдалдардың қатысуынсыз келіп түседі, бұл бағаны нарық деңгейінен төмендетеді. Жәрмеңкелерді «Алматы «Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» («Алматы» ӘКК) ұйымдастырады.

Жыл басынан бері қаланың бес ауданында 210-нан астам жәрмеңке өткізілді. Жәрмеңке апта сайын, сенбі және жексенбі күндері сағат 08:00-ден 18:00-ге дейін өтеді.

Орташа алғанда демалыс күндері Алматы мен Алматы облысының 328 фермерлері мен ауыл шаруашылығы өндірушілерінен келетін 800 тоннадан астам өнім сатылады.

Жәрмеңкелер өтетін орындар:

* Алмалы ауданы: Масанчи көшесі, Гоголь көшесі мен Әйтеке би көшесі арасында.
* Бостандық ауданы: Қазақфильм ш/а, Исиналиев көшесі.
* Әуезов ауданы: Өтеген батыр көшесі - Абай даңғылының төмен жағы.
* Медеу ауданы: Меңдіқұлов бульвары - Бектұров көшесінің қиылысы.
* Алатау ауданы: «Мәдениет» ТҮК.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады